Меню KDT
+7(7172) 504 656 32ml@edu.kz
logo.jpeg?_=1770009502

Новости

Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің өкілдері

1771601892355083.png

№32 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің өкілдері – ұшқыштар капитан Тащилин Станислав Валерьевич және капитан Сейдіғалимов Айбек Ерғалиұлымен кездесу өтті.

Қонақтар біздің оқушыларға өздерінің авиациядағы жүріп өткен жолы туралы айтып, қызмет тәжірибесімен бөлісіп, әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Әскери мамандықтың беделіне, тәртіпке және әскерде мамандық таңдауда жастарға ашылатын мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды.

Балалар оқуға, қызмет көрсетуге және болашаққа қатысты сұрақтарын қойды. Кездесу тәлім-тәрбиелік, ынталандыру мақсатында оқушыларға жарқын әсер қалдырды.

Қонақтарымызға қызықты диалог пен құнды кеңестері үшін алғыс айтамыз!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz