Меню KDT
+7(7172) 504 656 32ml@edu.kz
logo.jpeg?_=1770009502

Мероприятия

Дұрыс жолды таңдаймын

1771412435537411.png

Бүгін мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу декадасы аясында психолог пен әлеуметтік педагог мамандардың «тәуекел тобындағы» білім алушылармен «Құқықтар мен міндеттер: дұрыс жолды таңдаймын» атты психологиялық тренингі өтті.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, өзіне және басқаларға оң көзқарас қалыптастыру, қатысушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру.
Жұмыс тобы: 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ұсынылған ойындар мен жаттығулар «тәуекел тобындағы» балалармен топтық жұмыс кезінде өте тиімді болды. Мысалы, «Аяқталмаған сөйлемдер» жаттығуында оқушылар «Мен сенімдімін»: болашақта кәсіби футболист, медицина саласының зерттеушісі, отбасымның мақтанышысы болғым келеді деген жауаптар берілді. Викторина ойынының сұрақтары қызығушылықтарын оятып, белсенділік танытты. Рефлексия барысында, оқушылар өз көңіл-күйлерін анықтап, эмоцияларын суреттеді.

https://www.instagram.com/reel/DEzu0Fhu9vV/?igsh=MWxhbGd1bXl4OHZsYw==

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz