Таза Қазақстан
“Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында №32 мектеп-гимназиясында сенбілік өткізілді. Аталған іс-шараға 10-сынып оқушылары, ата-аналар мен мектеп ұжымы белсене қатысты.
Сенбілік барысында мектеп аумағы қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар бірігіп, аумақты көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл іс-шара оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, ұжыммен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыруға бағытталды.
Мектеп ұжымы аталған шараның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Табиғатты қорғау мен тазалық сақтау — әрбір азаматтың міндеті екенін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сенбілік жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/reel/DIVqASnMeoA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК
БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3
ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17
EMAIL:
32-astana@edu.kz