Меню KDT
+7(7172) 504 656 32ml@edu.kz
logo.jpeg?_=1770009502

Мероприятия

Астана қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері No32 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

1771588644104097.png

Астана қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері No32 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.
Отырыстың тақырыптары күдікті объектілерді анықтау кезіндегі іс-қимыл ережелері, лаңкестік әрекеттерден туындайтын қауіптерді жою алгоритмдері, сондай-ақ төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары болды. Іс-шара барысында қатысушыларға танымдық бейнероликтер көрсетіліп, төтенше жағдайларда адам өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстар жазылған парақшалар таратылды.
Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жастар мен педагогикалық ұжымның экстремалды жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу.

https://www.instagram.com/p/DI1GTkcicvx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
“№32 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ” ШЖҚ МКК

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:
просп. Абылай Хана, 25/3

ТЕЛЕФОН:
+7 (7172) 50-16-17

EMAIL:
32-astana@edu.kz